Nickelodeon HD телеарнасын қазақ тілінде қарсы алыңыздар!

Сүйікті
кейіпкерлеріңіз
жақынырақ
бола түсті
Nickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарнаны енді қазақ тілінде көре аласыздар. Күллі жер бетіне танымал «Спанч Боб шаршы шалбар», «Құтқарушы күшіктер», «Қауіпті Генри», «Тынымсыз балақайлар», «Сэм мен Кэт» және басқа да ең танымал анимациялық сериалдарды тамашалаңыздар. Естен кетпес шытырман оқиғаларға аттануға дайынсыздар ма?
«Жарқыл мен ғажайып көліктер», «Сантьяго мен оның теңіздері», «Бульканың іздерімен», «Орман құтқарушылары» секілді мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мультфильмдердің кейіпкерлері енді қазақ тілінде сөйлейді. «Акула сәбидің үлкен шоуындағы» кейіпкерлер су асты әлемін зерттеп, жаңа достар тауып, өздерінің танымал әндерін орындайды
6- жастан төмен балаларға арналған мультсериалдар
Біздің шоулар
Ал «Құтқарушы күшіктер» топта ауызбіршілікте жұмыс істеп, көмек қолын соза білуді үйретеді, өйткені «Батыл күшіктердің қолынан бәрі келеді»!
6+ жастан жоғары балаларға арналған мультсериалдар
Және әлбетте біздің сап-сары Биккини Боттом тұрғыны Спанч Боб шаршы шалбар. Спанч Боб пен оның достары кез-келген уақытта көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Және барлығы қазақ тілінде.
«Тынымсыз балақайлар!», «Кішкентай смурфтар», «Касагранде», «Элвин мен алақоржындар», «Коралл» лагері: Губка Бобтың балалық шағы». Біздің кейіпкерлер көңілдеріңізді көтеріп қана қоймай, дос болуды, сөйлесуді, бір-бірін сыйлауды, арманың үшін еңбектенуді және өзгеге еліктемей, өз қалпыңды сақтап қалуды үйретеді. Ондаған жылдар бойы танымал болып келе жатқан «Кішкентай Смурфтар» Nickelodeon HD экранына қайта оралды, енді олар шытырмандарға дайын.
12+ мектеп жасындағы балаларға арналған сериалдар
Қаһармандар туралы оқиғаларды ұнатасыз ба? Қауіпті Генридің әр сериасында оның жер бетін зұлымдардан қалай қорғайтынын көре аласыз. Детективті оқиғалар қызықтыра ма? Хантер стриттың батыл жеткіншектері сздермен бірге ең қиын жұмбақтардың шешімін табады. Жеке кәсібіңіз туралы армандайсыз ба? Сэм мен Кэт және де «Nickelodeon қосымша жұмыстың» кейіпкерлері өз кәсібіңізді бастауға қатысты біраз кеңестер береді. Оған қоса сіздерді сүйікті актерларыңыздың қатысуымен түсірілген толықметражды фильмдер күтуде. Тек қана Nickelodeon HD-да!
«Қауіпті Генри», «Сандермендер», «Хантер стрит», «Сиқырлы істер бюросы», «Жеңімпаз Виктория», «АйКарли» секілді басқа да өзіңізге ұнаған жасөспірімдерге арналған сериалдарды ана тіліңізде көріңіз.
ҚАЙДА ҚАРАУ КЕРЕК?